Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының вакцинация анықтамасы Қазақстанда жарамды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарық көрді. Оған сәйкес, бірқатар елдің азаматтарының вакцинация анықтамалары Қазақстан аумағында жарамды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылатындығы айтылған.

«Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін»,- делінген қаулыда.


Соңғы жаңалықтар