Венесуэлаға баратын қазақстандық дипломаттар виза талаптарынан босатылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Венесуэлаға баратын қазақстандық дипломаттар визалық талаптардан босатылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет қаулысы Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венесуэла Боливариан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім әзірленді. 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарланған БҰҰ Бас Асамблеясының кезекті отырысы аясында Қазақстан мен Венесуэла сыртқы саяси ведомстволарының басшылары осы келісімге қол қояды деп жоспарланған», - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық туристер Андорра Княздігіне 90 күнге визасыз бара алатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар