Венесуэлада дүкендер тәулігіне 4 сағат қана жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каракастағы сауда орталықтары жұмыстың қысқартылған кестесіне өту жөніндегі шешім қабылданды, енді олар күніне төрт сағат қызмет көрсетеді, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

Кәсіпкерлер үкіметтің электр қуатын үнемдеу туралы нұсқаулығын орындау үшін осы қадамға барған.

Билік Эль-Ниньо табиғи құбылысы салдарынан елдегі су электр стансаларындағы су деңгейі ең төменгі деңгейге жеткенін мәлімдеп отыр.

Дүкендердің жұмыс сағаттары қысқартылса оның қызметкерлері де жаппай қысқартылады. Жаңа жасалған еңбек кестенде қызметкерлердің жартысына жуығы қажетсіз болып танылады.

Венесуэла үкіметі сондай-ақ жеке үй иелеріне электр энергиясын үнемдеуді өтініп отыр. Қаңтар айынан бастап елдегі сумен жабдықтау жүйесі де қысқартылған уақытпен жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар