Венесуэлада бензин бағасы соңғы 20 жылда алғаш рет көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла билігі жанар-жағармай бағаларының көтерілгенін және ұлттық валютаның девальвацияға ұшырағаны туралы жариялады.

Ел президенті Николас Мадуро бұл қажетті шаралар екенін мәлімдеді. Бұл мұнай бағасына қатты тәуелді болып табылатын осы елдегі нашарлай түскен экономикалық жағдайды түзету үшін жасалып отыр.

Бензин бағасы бір литр үшін 0,01 доллардан 0,95 долларға дейін өсіп келеді (Венесуэладағы доллардың ресми бағамының негізінде есептелген). Бұл бағалардың 20 жылда алғаш көтерілуі.

Соңғы жаңалықтар