Венесуэлада 20 штат жарықсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венесуэланың 20-дан астам штаты сәрсенбіге қараған түні жарықсыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА El Nacional басылымына сілтеме жасап.

Газеттің жазуынша, жарық жергілікті уақытпен 23:20-да сөнген.

Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Наурыз айынан бері Венесуэланың көп өңірінде жарық сөну әдетке айналды.

Ал ең ауқымдысы 7 наурызда болды. Сол күні ел астанасы Каракастың, сондай-ақ көптеген штаттардың тұрғындары бірнеше күнге жарықсыз қалды.

Соңғы жаңалықтар