Венеция комиссиясы Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің реформасын қолдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесі реформасы тұжырымдамасының заң жобасы мен судьяларды іріктеу жүйесіне оң баға берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің менікті тілшісі.

«Жоғарғы сот кеңесі рефомаларының тұжырымдамасы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, олардың кәсіби біліктілігін арттырып, қалың көпшіліктің сеніміне ие болуын қарастырады»,-делінген хабарламада.

Құжатта Тұжырымдамада көрсетілген ұсыныстардың басым көпшілігі аталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететіндігі және еуропалық стандартарға сай екендігі айтылған.

Соған қарамастан құжаттың кемшін тұстары да жоқ емес. Оған өктемдік жетіспейтін сияқты. Өз кезегінде ол реформаның тиімділігіне нұқсан келтіруі ықтимал.

Венеция комиссиясының өкілдері Қазақстанда судбяларды іріктеу жүйесі өте күрделі деп есептейді. Өйткені ол көптеген процедуралардан өтуді және көптеген қатысушылардың болуын қажет етеді. Сондықтан бұл жерде біршама оңтайландырулар болады. Құжаттың ұтымды тұсы да сол.

Тұжырымдамада судьяларды іріктеу жүйесін реформалаудан бөлек соттағы мансапты жастар үшін қаржылай және өзге де жағынан тартымды ету жөніндегі көзқарастар көрініс тапқан.

Аталғандармен қатар Венеция комиссиясы судьялардың біліктілік емтиханынан өтетін кезінде адамның жалған мәлімет беріп отырғанын анықтайтын арнайы құрылғыны (детектор лжи) пайдалануды ұсынады. Өз кезегінде ол жіберілген этикалық және тәртіптік кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Венеция комиссиясы ұсынылған заң жобасының жақын арада Парламент тарапынан қабылданатынына үміт артады.

Айта кетейік, 1990 жылы негізі қаланған Еуропалық Кеңес жанындағы Венеция комиссиясы (Демократия жолындағы Еуропалық комиссия) құқықтық салада пікір алмасу жөніндегі халықарлық деңгейде мойындалған тәуелсіз форум саналады. 2011 жылдың қарашасында Венеция комиссиясына Қазақстан да қосылды.

Соңғы жаңалықтар