Венеция кинофестивалінде көшпенділер туралы картина бас жүлдені жеңіп алды

None
None
ВЕНЕЦИЯ. ҚазАқпарат – 77-ші Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстаны» «Көшпенділер жері» картинасына табысталды. Басты рөлді Фрэнсис Макдорманд сомдаған. Қытайлық режиссер Хлоя Чжаоның жұмысы конкурс бағдарламасының үздік фильмі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Жеңімпаздарды жариялаудың салтанатты рәсімі сенбі күні фестиваль сайтында онлайн өтті. Чжао мен Макдорманд фильмнің кейіпкері Американы аралаған вагоннан эфирге шықты.

Үздік режиссура үшін берілетін «Күміс арыстан» жапониялық Киеси Курасаваның «Тыңшының әйелі» фильміне бұйырды. Ал ресейлік режиссер Андрей Кончаловскийдің «Құрметті жолдастар!» фильмі арнайы сыйлық алды.


Соңғы жаңалықтар