Венчурлық инвестициялардың жеткіліксіздігі инновацияларды тежеп келеді - Жеңіс Қасымбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеке венчурлық инвестицияларды тарту арқылы инновациялық және технологиялық бизнеске қолдау көрсету әлемде кең тараған. Оның көлемі ондаған миллиард АҚШ долларына жетеді. Мысалы АҚШ-та 52 млрд долларға жеткен, бұл көрсеткіш 2017 жылға тиесілі. Ал Қытайда оның деңгейі 15,5 млрд, Еурапалық одақта - 10,5  млрд, Үндістанда - 5 млрд астам долларды, Канадада 1,5 млрд долларды құрады», - деп тоқталды Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда венчурлық қаржыландырудың нарығы дамымаған. Венчурлық немесе тәуекелі жоғары қаржыландырумен айналысатын еліміздің инвесторлары өз қаржыларын шетелдік жобаларға шетел құзыреттері арқылы бағыттайды. Сол жерлерде олар тиісті салықтық жеңілдіктер алып, венчурлық қаржыландыру бойынша шарттарды құрылымдау үшін шетелдік заңнаманы пайдаланады.

«Қолжетімді венчурлық инвестициялардың болмауы инновациялық қызметті тежеп келеді», - деп түсіндірді Ж. Қасымбек.

Венчурлық нарықты қалыптастырудың бірнеше негізгі проблемасы байқалып отыр. Осы орайда, венчурлық қаржыландыру бойынша шарттардың ерекшелігі болып табылатын қажетті тетіктер мен келісім құрылымының заңнамада жоқтығы мәлесі бар. Екіншіден, венчурлық инвестициялар үшін салықтық және басқа да ынталандырушы тетіктердің жеткіліксіздігі байқалып отыр.

Министр заң жобасының екі негізгі блоктарының мазмұны туралы баяндап берді.

Бірінші блок - венчурлық қорлар қызметінің құқықтық негізі. Біріншіден, Инвестициялық қорлар туралы Заңға түзетулер ескерілген. Бұл тұрғыда түзетулердің негізі жаңа түсініктемелер мен анықтамаларды енгізуге арналған. Екіншіден, венчурлық қорлар формасының ерекшеліктері, олардың құқықтық ережесі, қызметі мен оларды басқару қарастырылады. Үшіншіден, келісімдердің жаңа формалары енгізіледі.

Екінші блок мемлекеттік қолдау шараларының құқықтық негізіне арналған. Осы бағытта бірқатар заңнамаға түзетулер қарастырылды.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, түзетулерді қабылдаудан оңтайлы нәтижелерге қол жеткізіледі. Бұл тұрғыда венчурлық капиталдың жеке нарығын ынталандыру, цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің жеке экожүйесін дамыту, нақты сектордың инновациялық белсендігін арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту секілді басымдықтар қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар