Венчурлық бизнесте қалай табысқа жетуге болады: шетелдік және қазақстандық сарапшылар кеңесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ХІІ Астана экономикалық форумы аясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар венчурлық бизнесте қалай табысты жұмыс істеуге болатындығына қатысты ойларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ венчурлық индустриясы деген жоқ. Инвестиция жасайтын жекелеген бизнес-періштелер мен қорлар бар. Оны құру үшін түптеп келгенде біреулер көшбасшы болып, стандарттар беруі, ақшаға қарсы ақша тартуы, сонымен қатар бізді өзге экожүйелермен ықпалдастыратын әлемге аты танымал басқарушы компанияны тарту керек. 18 млн халқы бар,барлық логистикалық жолдардан, теңізден шалғай жатқан, сатып алушылық қабілеті төмен Қазақстан ешкімге де қызық емес. Егер үлкен экожүйелермен ықпалдаспасақ, онда бізге ештеңе жоқ. Мұны қалай істеу керек? Қазірдің өзінде үлкен нарықтарда жұмыс істейтін компанияларды тарту арқылы ғана. Біз Мәскеуден «Алмаз-Капитал», Сингапурдан Golden Gate компанияларын тартып, осы жерде кеңсе ашамыз. Олардың ақшаларының үстіне басқару үшін ақша береміз, олар да ақша салады, бізге. Нәтижесінде стартап өсіріп шығарамыз, инвестициялаймыз және үлкен нарықтарға шығуға мүмкіндік береміз», - деді «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әділ Нұрғожин «Венчурлық капиталды дамытудағы мемлекет рөлі» тақырыбындағы сессия барысында.

Шара барысында трансшекаралық стратегиялық және венчурлық инвестиция саласында 20 жылдық тәжірибесі бар Jubilee Capital Management компаниясының басқарушы директоры Ган Фон Джекте өз көзқарасын білдірді.

«Біз компаниялармен венчурлық инвестицияны талқылаған кезде кейде олардың құндылықтары біздікінен өзгеше болып шықты. Біздің міндетіміз екі тараптың арасында сенімнің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу болды. Біз инвесторлар мен ісін енді бастаған кәсіпкерлер арасында көпір бола алдық. Бұған қоса, жобалар да денсаулық сақтаудан бастап өзге де салаларға қатысты алуан түрлі еді. Бір жағынан құндылықтарды үйлестіру, екінші жағынан инвесторлар үшін тартымдылықты қолдан жіберу алмау қажет болды», - деді шетелдік сарапшы.
null

Оның айтуынша, кәсіпкерлер мен инвесторлардың әртүрлі мақсаттары түйісу нүктесі жоқ дегенді білдірмейді.

«Әрине, бұл жобалардың барлығына да капитал жұмылдырылды. Біздің негізгі алушымыз барынша тартымды компаниялар саналады. Өйткені, біздің компанияның құрамына бұрынғы кәсіпкерлер мен инвесторлар кіреді. Бұған қоса, Үкіметпен де тығыз байланысымыз бар. Өкінішке орай, бұл қатынастарды реттейтін нақты құқықтық базамыз болмай тұр. Дегенмен, оны күтіп отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар шетелдік сарапшы венчурлық жобаларда барлық уақытта да инвестицияны нақты бағалауда айқынсыздық әрі ақпараттың толық еместігі орын алатындығын айтты. Ал бұл шешім қабылдауда қиындықтар тудырады. Осы ретте ол венчурлық бизнесті дамыту үшін ең оңтайлы критерийлерді атады.

«Дұрыс ынталандыру, құрылтайшының және негізгі басқарушы команданың мықты біліктілік және атқарушылық құзыреті; ұсынылған шешімнің нарықтық бағасы және анықталған нарықтық проблемаларды шешуге арналған бизнес модель мен бизнес үшін мүмкіншіліктер алу; бағытталған нарықтың әлеуетін ақылға қонымды айқындау әрі компанияның бәсекелестік басымдығын тұрақты игеру; сондай-ақ тартымды бастапқы баға мен шынайы шығу жолдары», - деп тізбектеді оңтайлы критерийлерді Ган Фон Джек.
null

Айта кетерлігі, «Венчурлық капиталды дамытудағы мемлекет рөлі» тақырыбындағы сессияға шамамен 200 адам қатысып, 5 шетелдік инвестор сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар