Венада ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік күндері» өтті

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - 17-18 маусымда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Л. Заньердің бастамасы бойынша дәстүрге айналған ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік күндері» өтті. Бұл жолы аталған шара «ХХІ ғасырдағы ЕҚЫҰ» тақырыбына бағышталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиын барысында қатысушылар қауіпсіздік тақырыбының түрлі қырларымен қоса қақтығыстардың ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздікке тигізер әсерін, Ұйымға көршілес аймақтардан тарайтын қауіпсіздік қатерлерін, сондай-ақ трансұлттық қатерлермен күрес мәселелерін сөз етті. Бұдан бөлек, ЕҚЫҰ даму болашағы жөніндегі сұрақтар тақыланды.

«Жалпы конференция тақырыптық ауқымдылығы мен жоғары деңгейлі қатысушылармен ерекшеленді. Шақырылған спикерлер арасында, ресми сөз сөйлегендер арасында Ливия Президенті М. Абдул-Азиз, Халықаралық мәселелер Кеңесі Президенті, Ресейдің бұрынғы сыртқы істер министрі И. Иванов, бұрынғы канцлер, Австрияның сыртқы саясат және БҰҰ бойынша Бірлестігінің президенті В. Шюссель секілді танымал тұлғалар болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал аталған шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Е. Ахинжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты директорының орынбасары Л. Қаратаева, Ішкі істер министрлігі Үйлестіруші штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі Аға инспекторы Е. Аталықов пен Қазақстанның Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің қызметкерлерінен тұратын Қазақстан делегациясы қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стартегиялық зерттеу институты директорының орынбасары Л. Қаратаева ЕҚЫҰ-ға көршілес аймақтардан тарайтын қауіпсіздік қатерлері тақырыбына арналған сессиясында негізгі спикерлердің бірі ретінде сөз сөйлеген. Өз сөзінде ол Ауғанстан қауіпсіздігі саласындағы басымдықтар мен сұраныстарды дамытудағы, сонымен бірге Халықаралық қауымды Ауғанстанға жәрдем көрсетудегі әрекеттерге тартудың мүмкін болар қадамдары жөнінде көзқарастар және бастамалармен бөліскен.

Жалпы, «ХХІ ғасырдағы ЕҚЫҰ» тақырыбындағы Қауіпсіздік күндері 2010 жылғы Астана Саммитінің Декларациясын жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық пен диалог платформасы ретінде ЕҚЫҰ-ның рөлін одан әрі нығайтуға арналған форум болып табылады.

Соңғы жаңалықтар