Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Велотректен әлем кубогына кімдер қатысады

2019 жылғы 18 қаңтар 04:38 420
Бөлісіңіз:
Велотректен әлем кубогына кімдер қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-20 қаңтар күндері Жаңа Зеландияның Кембридж қаласында велотректен әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін кубоктік додаға Қазақстан атынан кімдердің қатысатыны белгілі болды. 

Кембриджде Павел Воржев, Андрей Чугай, Сергей Пономарев және Максим Налетов жарыс жолына шықпақ. 

18 қаңтар күні ерлер мен әйелдер арасында командалық спринт және командалық із кесу жарысынан алғашқы жүлделер жиынтығы сарапқа салынады. 

19 қаңтар күні ерлер арасында 30 шақырымдық мэдисон, 15 шақырымдық скрэтч және кейриннен кім мықты екенін анықталмақ. Әйелдер арасында омниум мен жекелей спринттен жеңімпаздар белгілі болады. 

20 қаңтар күні ерлер арасында омниум мен жекелей сын бәсекелерінің финалдық кезеңі өтпек. Әйелдер 20 шақырымдық мэдисон, 10 шақырымдық скрэтч бойынша жүлдеге таласады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT