+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Велоспорттан Қазақстан чемпионаты тамызда өтеді

2020 жылғы 27 мамыр 07:48
Бөлісіңіз:
Велоспорттан Қазақстан чемпионаты тамызда өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан велосипед спорты федерациясы Халықаралық велосипедшілер одағының жаңа күнтізбесіне сәйкес ел чемпионаты өтетін жаңа мерзімді бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, ел біріншілігі 16-23 тамыз аралығында Петропавл қаласында өтеді.

17 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы критериум жарысы, 18 тамыз күні ересектер мен жасөспірімдер арасындағы командалық бәсеке ұйымдастырылады.

19 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы жекелей сын, 20 тамыз күні ересектер арасындағы жекелей сын жеңімпаздары анықталады. 21,22,23 тамыз күндері топтық жарыс жоспарланған. Коронавирус індетіне байланысты алдағы уақытта өзгерістер болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT