USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Велоспортшы Джанни Москон «Астана» клубына ауысты

2021 жылғы 29 қыркүйек 20:33
Бөлісіңіз:
Велоспортшы Джанни Москон «Астана» клубына ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италиялық велошабандоз Джанни Москон «Астана» командасының құрамында өнер көрсетеді. 27 жастағы спортшы алдағы екі маусымда (2022 және 2023) Қазақстан командасында жарысқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» командасының сайтына сілтеме жасап.

«Бір командада алты жыл өткергеннен кейін мансабымда маңызды қадам жасадым. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болмақ. Осы жылдар ішінде үлкен тәжірибе жинадым, енді оны жаңа командада толықтай іс жүзінде қолданғым келеді. «Астанадағы» бірінші маусымымда командаға пайдам тиіп, табысқа жетуге тырысамын. Жоғары деңгейдегі жарыстарда ойдағыдай өнер көрсетемін деп үміттенемін. Жаңа командамен, бас менеджер Александр Винокуровпен, жаттықтырушылармен және спорт директорларымен жаңа маусымға жоспар құрып, талқыламақпыз. Өзімді көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткіземін деген үміттемін», - деді Джанни Москон.

Джанни Москон шабуылдайтын стилімен танымал. Жастар деңгейінде жоғары нәтиже көрсеткеннен кейін, 2016 жылы алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды.

2016 жылы италиялық спортшы «Норвегияның Арктикалық жарысының» жалпы есебін жеңіп алып, «Халықаралық Коппи-Бартали апталығының» жалпы есебінде үшінші орынды қанағат тұтты.

2017 жылы жеке жарыста Италия чемпионы атағына ие болып, монументалды «классикалық» «Ломбардия турында» үшінші орын иеленді.

2018 жылы «Джиро делла Тоскана», «Копа Агостони» және «Гуанси турында» жалпы есепте үшінші орын алып, ұлттық чемпион атанды.

2021 жылдың осы маусымында Москон «Альпы туры» кезеңінде екі рет жеңіске жетіп, «Лугано бас жүлдесін» жеңіп алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT