Велоспорт: «Tinkoff Saxo Bank» «Астана» клубына қосылуды жоспарлауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал ресейлік кәсіпкер, «Tinkoff Saxo Bank» велокомандасының құрылтайшысы Олег Тиньков радиостанциялардың біріне берген сұхбатында өз командасын қазақстандық «Астана» велоклубына қосу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлім етті, деп хабарлайды astanafans.com.

Мұндай қызығушылық банктің болашақ жоспарынан туындап отыр. Көп жылдан бері Ресей нарығында жұмыс жасап келе жатқан банк жаңа аумақтарға, соның ішінде Қазақстан нарығына шығуды көздеуде. Ресейдегі қаржылық нарықтың тұрақсыздығынан банк жаңа елдерге ойыспақ, ал Қазақстандағы велоспорттың танымалдылығын ескеретін болсақ, бұдан жақсы жарнама, сірә табыла қоймас.

Егер екі клуб бірігетін болса, бұл велоспорттағы ең елеулі оқиғалардың бірі болмақ. «Астана» клубының сапында талай рет қанжығасына түрлі гран-турлардың кубоктарын байлаған Альберто Контадор қазіргі уақытта «Тиньков банк» командасының сапында өнер көрсетіп жүргендігін айта кетейік.

Соңғы жаңалықтар