Велоспорт: Швейцариядағы жарысқа қатысатын «Астана» құрамасы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы көктемгі дәстүрлі жарыстар маусымы аяқталған соң Швейцарияға аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасап.

Онда команда 24-29 сәуірде өтетін әлемдік деңгейдегі беделді «Романдия туры» көпкүндік жарысында бақ сынайды.

Команда құрамында Дарио Катальдо, Омар Фраиле, Якоб Фульсанг, Йеспер Хансен, Андрей Гривко, Танел Кангерт, Уго Уль бар.

Спорттық  директорлар - Дмитрий Фофонов пен Бруно Ченьялта.

Соңғы жаңалықтар