Велоспорт: Махаббат Үмітжанова ел спартакиадасының жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында велоспорттан Қазақстанның бесінші спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін ерлер 40 шақырымға, әйелдер 25 шақырымға жарысудан жүлделерді өзара сарапқа салды. 25 шақырымға созылған әйелдер арасындағы бәсекеде Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Махаббат Үмітжанова жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 0:39,39 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Екінші орынды СҚО-ның тағы бір спортшысы Наталья Сайфутдинова иеленді. Үздік үштікке павлодарлық Рината Сұлтанова енген.

Бұдан бұрын ерлер арасындағы жекелей сын бәсекесі Алексей Луценконың жеңісімен аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар