+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Велосипедпен 1,1 млн теңгенің есірткісін тасымалдаған - Атырау

2021 жылғы 5 тамыз 17:53
Бөлісіңіз:
Велосипедпен 1,1 млн теңгенің есірткісін тасымалдаған - Атырау

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда велосипедпен 1,1 млн теңгенің есірткісін тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жол жиегіндегі қоршау мал жүрмес үшін токқа қосылды Атырауда мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған қызметкер жұмыстан қуылды СҚО-да бір аптаның ішінде 15 келі есірткі заты тәркіленді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 3 тамызда Атырау қаласында есірткі тасымалдаушы ұсталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінен 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол велисипед жылдамдығын арттырып, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған. Алайда, патрульдік полиция қызметкерлері күдіктінің қашып кетуіне мүмкіндік бермеді. Тінту кезінде одан құны 1,1 млн теңгені құрайтын 40 қара полиэтилен пакетке салынған мефедрон синтетикалық есірткісі табылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT