Велосипед, тоңазытқыш, смартфон: Алматыда вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Instagram парақшасында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алғандар арасында ұтыс ойыны басталғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары! COVID -19 вакцинасының алғашқы компонентін салатын адамдардың арасында лотерея ұтыс ойыны тағы да өтетінін қуана хабарлаймыз. Лотереяға қатысу үшін сізге 29 мамырдан бастап 4 маусымға дейін Жетісу ауданының вакцинация орталықтарына вакцинаның бірінші компонентін алу қажет. Қорытынды 5 маусым, сенбі күні шығады» деп жазды аудан әкімі.

Атап өтетін жайт, жеңімпаз жалғыз емес, 21 адам болатындықтан халықтың қатысуға деген ынтасы зор.

Вакцина салдырғандар арасында Samsung Galaxy S21 телефоны, сонымен қатар Samsung A32 смартфоны, Samsung Galaxy Buds live құлаққабы, тоңазытқыш, тау велосипеді секілді 5 қосымша сый, бұдан бөлек 16 ынталандыру сыйлығы ойнатылады.

Бас жүлде - Samsung Galaxy S21.

Ұтыс ойыны 5 маусым сағат 12:00-де тікелей эфирде Гүлнар Көкебаеваның Instagram парақшасында өтеді.


Соңғы жаңалықтар