Велошеруге байланысты ертең Астанада көшелер жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қыркүйек күні Астанада өтетін велошеруге байланысты қаланың сол жағалауындағы көшелер ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, велошеру Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның бастамасымен ұйымдастырылуда.

Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта келесі көшелер жабық болады: Тұран даңғылы бойымен Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы дала көшесіне дейін; одан ары Ұлы Дала көшесі бойымен Тұран даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін; Мәңгілік ел көшесі бойымен Ұлы дала көшесінен бастап Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; ары қарай Керей, Жәнібек хандар көшесі бойымен Тұран даңғылына дейін.

Осыған байланысты елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін астана тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды ұсынады.

Еске сала кетейік, велошеру «Сау жүрек айлығы 2018» жалпы атауымен шаралар сериясының шеңберінде өткізілуде. Мақсаты - халық арасында жүрек ауруының көбеюін ескерту. Шарадан түскен барлық қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады. Қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры. Қор «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ бастамасымен құрылған.

Соңғы жаңалықтар