Велошабандоз Скарпониді «Астана» футболкасымен жерлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 сәуірде қаза тапқан велошабандоз Микеле Скарпони «Астана» велокомандасының футболкасымен жерленеді. Спортшының жұбайы Анна Томмази осылай мәлім етті, деп хабарлайды sports.kz .

«Астана» велокомандасы сайтының хабарлауынша, Микеле Скарпониді жерлеу рәсімі ертең, 25 сәуірде сағат 15:30-де Campo Sportivo di Filottrano-да (Филоттрано, Анкона) өткізіледі.

«Велоспорт - оның өмірінің мәні еді. Біз нағыз велошабандоздан айырылдық», - деп жазды Томмази.

37 жастағы спортшы Филоттранодағы үйінің маңында велосипедпен жаттығу барысында қаза тапты . Велошабандозды бұрылыста шағын автобус қағып кеткен. Скарпони «Джиро д'Италия» көпкүндігінде «Астана» клубының капитаны болуы керек еді.

Микеле Трентода өткен «Альпі Туры» көпкүндік жарыста мәреге төртінші болып келген еді. 

Соңғы жаңалықтар