Велошабандоз Артем Захаров Рио Олимпиадасына жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Велотрек бойыншат Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Артем Захаров көпсайыста Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Қазақстан Велоспорты федерациясының баспасөз қызметінен атап өткендей, велоспортта Олимпиада ойындарына тікелей жолдамалар жоқ, ал іріктеу квалификациялық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады.

Соңғы екі маусым бойы қазақстандықтарды түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар, соның ішінде Азия және Әлем кубоктарында жоғары нәтижелерімен қуантқан Артем Захаров Олимпиаданың үздік 18 спортшысының рейтингіне кірді. Осылайша, қазақстандық трекшілер Афины-2004 олимпиадасынан бері алғаш рет басты додаға қатыспақ.

Бүгінде Қазақстанның қоржынында 50 олимпиадалық лицензия бар екенін атап өтейік.

2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз күндері Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді.
Артем Захаров - омниумда 2013 жылғы Азия чемпионы, Азия кубогының иегері, 2013, 2016 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола және күміс жүлдегері.

2 3

Соңғы жаңалықтар