Ведомствоаралық комиссия жүктелген міндетті атқара алмады - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ете алмады. Бұл туралы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 11 мамырында шектеу шаралары алынған сәттен бастап коронавирус инфекциясы жағдайларының саны 7 есе артып кетті. Көп жағдайда бұл бірқатар мемлекеттік органдар жұмысындағы кемшіліктерге байланысты. Орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару жүйесінің төтенше жағдайдан тыс режимде тиімді қызмет етуге дайын болмағандығын атап өткен орынды. Ведомствоаралық комиссия өздеріне жүктелген міндеттерді атқара алмады. Мұны мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ете алмады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар