Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

None
Видеодан алынған кадр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 тамыз күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты кузетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

Кейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды.

Кейін тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.

15 сәуір күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді.






Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото


Соңғы жаңалықтар