Ватикандық понтификтер электронды түрде бата беруге көшпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ватикандық шенеуніктер қымбатқа түсетін пергамент қағазын шығарумен байланысты шығындарды азайтпақ.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ватикандағы барлық құжаттар енді қолдан жасалатын үйреншікті пергамент қағаздың бетіне басылмайтын болды.

Енді понтификтің адамдардың некелесуі немесе шоқындырылуі құрметіне берген баталары қолмен жазылмай, иелеріне компьютерде теріліп табысталады.

Осылайша, ватикандық шенеуніктер қымбатқа түсетін пергаментті дайындауға жұмсалатын шығындарды қысқартып, түсетін табысты арттырмақ. Алайда бұл жаңашылдықтың кері әсері де бар. Кейбір мәліметтер бойынша, оның салдарынан пергамент қағазын әзірлеумен айналысатын 500-ден астам шебер жұмыссыз қалмақ, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар