Василий Скляр Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат- Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы болып Василий Васильевич Скляр тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Василий Скляр тағайындалды. Бүгін ІІМ басшысы жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды», деп жазды Павлодар облысының полиция департаменті

Instagram желісіндегі парақшасында.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келді.
2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірді, заңгер, құқық магистрі. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы; қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласының Полиция басқармасын басқарды. Арнайы атағы - полиция полковнигі.


Соңғы жаңалықтар