Васильевті «Ақтөбеге» алып келген Сапарбаев емес - облыс әкімі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевке қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев есеп беру кездесуінде тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады. Ардагер-журналист Арыстан Аймағамбетов «Ақтөбе» футбол клубындағы бітпейтін дауды айтып, бұрынғы бас директор Дмитрий Васильев туралы әділ шешім шығаруды сұрады.

«Футболды бәріміз жақсы көреміз. Сондықтан футбол дамуы керек. Өзімізде дамытып, өз футболшыларымызды тәрбиелеуіміз қажет. Өткен жылы «Ақтөбенің» құрамында жергілікті жерде тәрбиеленген 6 ойыншы ойнады. Бізде арнайы футбол академиясы құрылды, әр ауданда филиалы ашылды. Біз түсінеміз, жанкүйерлерге бүгін нәтиже керек. Сондықтан шетелден ойыншыларды да аламыз. Өкінішке қарай, Дидар Жалмұқанов кетіп қалды. Менің ойымша, Ақтөбенің әрбір азаматы Ақтөбенің патриоты болуы керек. Қай жерден шыққанын, кімнің арқасында шыққанын, қалай шыққанын ұмытпауы керек. Дидар Жалмұқанның әкесі де, менің орынбасарларым да шақырып, «кетпе, жергілікті футбол командасының құрамында ойна» деп айтты. Бірақ ол кетіп қалды»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы қазір ісі тергеліп жатқан «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев туралы да айтты.

«Васильев Сапарбаевтың бұйырығымен тағайындалмайды. Васильевті алып келген Сапарбаев емес. Оны Футбол федерациясы тағайындады. Екіншіден, кінәсі бар . Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол біздің Қазақстанның заңына сәйкес өз жазасын алады»,- деді Б.Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар