Вашингтондағы қазақ диаспорасы Наурызды атап өтті

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Вашингтондағы қазақ диаспорасы көп жыл бойы отандастары арасында да, АҚШ-тағы шетелдіктер арасында да қазақ мәдениетін сақтауға және зерттеуге жағдай жасап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Мерекені ұйымдастырушы, Вашингтондағы қазақ диаспорасының көшбасшысы және Қазақ-Америка қауымдастығының президенті Дархан Нұрмағамбет Наурыз мерекесі 2005 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқанын айтты. Коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин кезеңіндегі екі жылда ғана тойланбаған.

Дәстүр бойынша мерекелік іс-шара қазақ диаспорасы өкілдерінің арасындағы ақсақалдың «Бата беру» маңызды әдет-ғұрыпынан басталды.


«Ұйым өз дәстүрін және ана тілін ұмытпауы үшін, сондай-ақ отбасыларымен достықты нығайту үшін барлық отандастарын жинауға және біріктіруге тырысады», - деді Д. Нұрмағамбет.

Ұлттық мерекелерде бас қосудың арқасында Вашингтонда балалары өсіп келе жатқан бірнеше қазақ отбасының басы қосылғанын атап өту қажет.

Биылғы мерекеде тәй-тәй басқан кішкентайдың «Тұсауын кесу» рәсімі өткізілді.

Қазақ диаспорасы басшысының атап өтуінше, қауымдастық балалар мен жастардың мерекелік нөмірлерге белсенді қатысуына және қазақ мәдениеті туралы білімдерін көрсетуіне күш салып жатыр. Балалар өлеңдерін ана тілінде айтып, ұлттық би билеп, қазақтың музыкалық аспаптарында ойнайды.

Іс-шараға 250-ге жуық отандас қатысады деп жоспарланған болатын, бірақ 400-ге жуық адам келді. Диаспора қатары жастар мен аралас некеден туған шетелдіктердің есебінен артып келеді. Сондай-ақ, Қазақстанды білетін және оның мәдениетіне қызығатын америкалықтар да көптеп қатыса бастады.

Біздің көптеген отандасымыз АҚШ-та 20 жылдан астам уақыт тұрып жатыр және олар қазақ мәдениетін, әсіресе жаңа ұрпақ үшін сақтауға тырысады. Бұл іс-шара, ең алдымен АҚШ-та туған балаларға өз тілін, әдет-ғұрыптары мен Отанын білуі үшін өткізілді.

Д. Нұрмағамбет өзі басқаратын қауымдастық америкалық коммерциялық емес мәдени ұйым екенін және ол үшін Қазақстан заң бойынша қандай да бір қаржылық қолдау алуға тыйым салынатын шет мемлекет болып табылатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, Қауымдастық президенті Вашингтондағы ҚР Елшілігімен өте жақсы қарым-қатынаста екенін, ұйым қазақстандық тарапқа мәдени салада кез келген көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар