Вашингтондағы атыс: үш адам мерт болды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Вашингтонда болған атыс салдарынан үш адам мерт болып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC Washington жергілікті телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға сенбі күні кешке ел астанасының солтүстік-батысында болған.

Хабарланғандай, белгісіз біреулер автокөліктен түсіп, жақын маңда жүрген адамдарға оқ жаудырған.

Қылмыскерлерді ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 75 мың доллар сыйақы жарияланды.


Соңғы жаңалықтар