Вашингтонда жаяу жүргіншілер көпірі опырыла құлады

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Вашингтонда сәрсенбі күні тас жолдың үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі опырыла құлады, бес адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қаланың өрт сөндіру-құтқару қызметі өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Көпірдің астында жанармай құйылған автоцистерна бар екені нақтыланды, төтенше жағдайлар қызметі оның ағып кетуін тоқтатуға тырысуда. Болжам бойынша, автоцистерна көпірге соғылған, көпірдің құлауына себеп болуы мүмкін.

Полиция оқиғаны тексеруді бастады.

Соңғы жаңалықтар