Вашингтонда посткеңестік елдердегі мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар талқыланды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Вашингтонда Мемлекеттік басқару саласындағы америкалық қоғамның (ASPA) жыл сайынғы конференциясы болды. Оның аясында Астана мемлекеттік қызмет хабы «Посткеңестік және өтпелі кезеңдегі елдердің мемлекеттік қызметіндегі заманауи трендтер мен сын-тегеуріндер» атты панельдік сессия өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қазыханов панельдік сессияны аша отырып, тәуелсіздік алғаннан бері аймақтағы елдер мемлекеттік қызметті реформалауда өзіндік жол қалыптастырғанын атап өтті. Елші сонымен қатар, Қазақстан мемлекеттік басқаруды жетілдіруді заң үстемдігі мен білім экономикасымен қатар 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің негізгі құралы ретінде қарастыратындығын айтты.

Мемлекеттік басқару саласындағы америкалық қоғамның Атқарушы директоры Уильям Шилдс 40-тан астам ел қатысатын Астана мемлекеттік қызмет хабымен әріптестіктің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми жарияланымдар әзірлеу және басып шығарудағы Хабпен бірлескен табысты жұмысқа назар аударды. Сондай-ақ, Шилдс «әртүрлі елдердің сарапшылары арасында мемлекеттік басқару бойынша нетворкинг пен білім алмасудың дәстүрлі платформасына» айналған Хабтың жұмысын жоғары бағалады. Ол Хабтың жыл сайынғы конференциясына ASPA өкілдерінің қатысуға ниеті барын білдірді. null

Сессия барысында Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова, Солтүстік Македония, АҚШ және Украинаның уәкілетті органдарының басшылары мен сарапшылары өз елдеріндегі мемлекеттік қызметті дамытудағы бірегей тәжірибелерімен бөлісіп, осы саладағы ортақ мәселелерді талқылады.

Мәселен, Корея Республикасы Персоналды басқарудың экс-министрі, профессор Пан Сук Ким аймақтағы мемлекеттік қызметті реформалаудағы басымдықтардың бірі ретінде кадр қызметін кәсібилендіру екенін жеткізді. «Аймақ елдері үздік кандидаттарды іріктеу мен оларды меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсуін жетілдіру қажет. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз», - деді ол.

Сессияға қатысушылар Астана мемлекеттік қызмет хабының бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару саласындағы танымал сарапшылар - Федералды мемлекеттік қызмет институтының бұрынғы директоры Честер Ньюланд, АҚШ-тың жалақы бойынша Федералдық кеңестің бұрынғы төрағасы Стивен Кондри, Governance Solutions International (АҚШ) атқарушы директоры Гидо Бертуччи тәжірибе алмасуда және өкілетті органдар, мемлекеттік басқару мектептері мен әртүрлі елдер сарапшылары арасындағы серіктестік қарым-атынастарды нығайтуда хаб қызметінің ерекшелігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар