Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні АҚШ астанасы Вашингтонда атыс болып, 1 адам қаза тауып, жиырмасы жараланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА The Washington Post басылымына сілтеме жасар хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 00:30-да АҚШ астанасының оңтүстік-шығысындағы адамдар көп жиналатын жерде қаруланған белгісіз адамдар атысқан. Зардап шегушілер атыс барысында жан-жаққа қашқандықтан қылмыс аумағы бірнеше кварталды алып жатыр. Жеті адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Өткен аптаның жексенбісінде де Вашингтонның солтүстік-батысында орналасқан мейрамхана маңында атыс болып, бір адам қаза тапқан және сегіз адам жараланған. Ол кездегі атыс күндіз болған.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, қаланың осы бөлігінде жыл басынан бері 155 адам атылған. Жас ерекшелігі бойынша ең олардың кішісі 11-де болса, ең үлкені 71 жаста болған.
Полицейлердің айтуынша, бәріне кінәлі - заңсыз қару алып жүру және коронавирус індетіне байланысты қандайда бір қылмысқа күдіктілердің бостандыққа жіберілуі.
- Ақтөбеде түн жарымында көше кезген 222 жасөспірім полицияға жеткізілді
- Пневмония: 8 адам ауруға шалдығып, 3 пациент қайтыс болды
- Әзербайжанда екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды
- Италия премьер-министрі Джузеппе Конте отставкаға кетпек
-
Шетелдік әйел Атырау тұрғынынан ақша талап етіп, видеоңды интернетке саламын деп қорқытқан
-
Қазақстанда бір күнде 1266 адамнан коронавирус табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам