Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы хабар BreakingNLive туиттер-аккаунтында жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Арнайы қызметтер жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. «Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі.

News Flash порталының хабарлауынша, трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған.

Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Фото: мtwitter.com/intlbreaking

Соңғы жаңалықтар