+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Ванес Мартиросян: Әйелім Головкиннің жанкүйері

2018 жылғы 25 сәуір 19:11
Бөлісіңіз:
Ванес Мартиросян: Әйелім Головкиннің жанкүйері

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) кезекті қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) өз әйелінің GGG-ға жанкүйер екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен баршаға өзімнің қаншалықты мықты екенімді көрсетуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын және өзімді өте жақсы әрі күшті сезінемін. Біз Головкин екеуіміз мексикалық емеспіз, алайда Синко де майо мерекесінде барша жанкүйерлерге екеуіміз нағыз мексикалық жауынгерлердің айқасын көрсететінімізге сенімдімін»-, деді Мартиросян boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол әйелінің GGG-ға жанкүйер екенін де айтты.

«Менің промоутерім Дон Кинг Головкинмен жұдырықтасу мұмкіндігі туралы хабарласқанда, бірден келісім бердім. Келісімге келгенімізді білгеннен кейін, мен өз әйелімнен менен басқа қайсы боксшыны жақсы көретінін сұрадым, ол Геннадий Головкин деп айтты. Сондықтан, мен енді оны (GGG- авт.) аямай ұруыма тура келді»-, деді Мартиросян.

Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсонда (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT