Ван Гогтың беймәлім автопортреті табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар Ван Гогтың бұрын белгісіз болған автопортретін тапты. Ол суретшінің Шотландиядағы ұлттық галереясында сақтаулы тұрған «Ақ қалпақтағы шаруа әйел портреті» атты әйгілі картинасының артына қыстырылып қалған екен. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шотландия ұлттық галереясы (Шотландиядағы үш ұлттық галереяны және екі серіктес галереяны бақылайтын ведомстволық емес ұйым) өкілдерінің айтуынша, керемет олжа кездейсоқ табылған.

Эдинбургтегі Корольдік Шотландия академиясында импрессионистерге арналған көрменің ашылу қарсаңында кураторлар Ван Гогтың 1885 жылғы жұмысын рентгенге түсіруді ұйғарады.

Сол кезде картинаның артқы жағында бірнеше желіммен жағылған және картонмен жабылған сурет табылады, бұл суретшінің автопортреті болуы әбден мүмкін. Сурет-картинаны 20 ғасырдың басында өткен көрмеге дайындау кезінде жабыстырылуы мүмкін.

Ван Гог жиі ақша үнемдеу үшін кенептерін екі жағынан пайдалануға мәжбүр болған. Табылған портретте жиегі бар қалпақ киген және мойынға орамал байлап отырған сақалды адам бейнеленген. Картинада оның сол жақ құлағы анық көрініп тұр: Ван Гог «Ақ қалпақтағы шаруа әйел портретін» жазғаннан кейін үш жылдан соң ашуға беріліп, сол құлағын палитра пышағымен кесіп тастаған.

Бұл оның автопортрет салудағы алғашқы әрекеттерінің бірі болса керек. Кейінірек жұмыстары жақсара бастап, бүгінде Ван Гогтың кейінгі автопортреттері шедевр болып саналады.


Фото: bbc.com

Соңғы жаңалықтар