Валюталық бақылауды Үкімет өзіне алуы керек - Мәжіліс депутаты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев валюталық бақылауды Үкімет өзіне алуы керектігін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қоғамдық мүлкімізді еселендіреміз, солардың тиімділігін арттырамыз десек, бақылау жүйесін нақтылап, жетілдіріп әрі дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Бүгінде тиісті заңды қабылдап, әдіснаманы реттедік, бірақ осы шарада әлі де болса біздің шоғырландыру мәселеміз толық шешілген жоқ. Ерекше атап өтетін мәселеге тоқталсам, қоғамдық қаржыны, қоғамдық мүлікті сақтау мәселесі біздің назарымыздан тыс қалып қойған. Бақылау әдіснамасы мен бағдарламасында бұл мәселелер төрт жүйенің біреуіне де кірмейді. Біз есептік бақылауды, аудитті назарға алып, тиімділікке бет бұрдық, ал енді нақты қаржы мен мемлекеттік мүліктің сақтандырылуы назардан тыс қалып қойған сияқты. Бұл жерде қаржы талан-таражға түсіп, яғни түгендеу жүргізілген кезде кемшіліктер шығып жатыр. Осы ретте біз ішкі аудитті осы мәселеге қарай бұруымыз керек. Өйткені ол сыртқы аудиттің емес, ішкі аудиттің тікелей қызметіне енгізетін кез келді және соны әдіснамаға да салу керек де ойлаймын», - деп тоқталды депутат Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

Мұнымен қоса, ол валюталық бақылауға қатысты тиісті ұсыныс жасады.

«Екінші күрделі мәселе - ол біздің валюталық бақылау. Елбасымыз әр елден инвестор тартып, экономикамызға инвестиция салсын деп жүргенде, біз бар қаржымыз бен валютамызды шашып отырсақ, онда елге күлкі болғаннан басқа не қалады. Қазір Ұлттық банктің соңғы есебіне қарағанда, 5 миллиард долларға жуық біздің дебиторлық қарыз тұр. Сыртқа кеткен валюта. Соның жартысына жуығы мерзімінен асып кеткен дебиторлық қарыз. Міне, осы жерде үлкен күмән туғызатын мәселелер жатыр. Кім бұны тексереді? Бүгінгі таңда валюталық бақылауды Ұлттық банктің өзіне беріп қойдық. Ұлттық банк осы валюталық операцияның операторы. Ол осы жұмыстардың барлығын реттеп отыратын орган. Ал енді соны бақылауды да соған бердік. Бұрын Үкімет бұл қызметті өзі атқаратын. Қазір Үкімет осыдан неге кетіп қалғаны мен үшін үлкен сұрақ. Менің ойымша, осы мәселені шешетін кез келген сияқты. Үкімет өзіне валюталық бақылауды алу керек. Атап айтқанда, бұл ұсынысты қолға алса, біз осы мәселеде ашықтықты және нақтылықты көрген болар едік»,- деді депутат.

Соңғы жаңалықтар