Валюта айырбастау: Алаяқ кассир 1 млн долларды жымқырып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің құқық қорғау органдары ақшаны жымқыру мақсатында валюта айырбастау бекетін ашқан алаяқты іздестіріп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Mk.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 28 желтоқсанда Садовая-Самотечная көшесінде орналасқан валюта айырбастау бекетіне екі адам барып, 56 миллион 740 мың рубльді (шамамен 1 млн доллар) айырбастауға берген. Кассир жігіт ақша салынған сөмкені алады да, валютаға айырбастаймын деп, кассаның терезесін жапқан. Сол күйі сөмкемен бірге тайып тұрған.

Полицияға арыз түсіргендердің сөзіне қарағанда, валюта айырбастау бекетінде барлық құрал-жабдықтар болған. Сыртында "ақша айырбастау бекеті" деген жазу да тұрған. Құқық қорғаушылар ірі көлемде алаяқтық жасау бойынша қылмыстық іс қозғады. Алаяқ қассир әлі табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар