«Валют-Транзит» борышкерлеріне шетелге шығуға тыйым салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Валют-Транзит» банкінің борышкерлеріне шетелге шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Алматы қалалық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Руслан Ыдырысов айтты.

Енді борышкерлер қарызын түгел өтемей шетелге шыға алмайды. Бүгіннен бастап «Беркут» базасы арқылы банк борышкерлеріне жол жабылады.

«Борышкерлердің арасында қарызын жартылай өтеп жатқандар бар. Бірақ, шектеу барлығына қатысты қойылды. Өйткені, ликвидациялық комиссия осындай шешім шығарды. Бұл сот шешімімен санкцияланды. Көп жағдайда, мұндай шектеулер өте тиімді нәтиже береді. Яғни, көп ұзамай-ақ адамдар қарыздарын төлей бастайды», - деді Р.Ыдырысов.

Соңғы жаңалықтар