Валидатордан ақша ұрлаған жүргізушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ - Ахметжан Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен брифинг барысында қала басшысы Ахметжан Есімов газбен жүретін автобустардың төлем жүйесін тағы бақылап шықты.

Оның айтуынша, жақында бірнеше автобус жүргізушілері валидаторлардан ақша ұрлап жүргені анықталды. Жүргізілген тексеру барысында бір маршрутта бір автобустарда бір уақытта табыстың әр түрлі болғандығы күмән туғызды. Тексеру барысында ақшаны біреулер ұрлап жүргендігі анықталған.

Құқық қорғау органдары олардың кім екенін бірден анықтады. Олар бір уақытта, бір дүкенге барып тиындарды қағаз ақшаға ауыстырған.

«Валидаторларға қазір мүлде ешкім кіре алмайды. Электронды төлем жүйесі енді бұрынғыдан да жетілдірілді. Енді түрлі құқықбұзушылықтың алды кесілетін болды. Аталған автобус жүргізушілері ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», - деді қала басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы №2 коммуналдық автопаркі газбен жүретін жаңа 100 автобуспен толықты. Қазірдің өзінде Алматыда 400 газбен жүретін автобус қызмет етуде. Жыл соңына дейін әкімшілік тағы 100 автобус сатып алуды көздеп отыр. Троллейбус пен трамвайларды қосқанда қаланың автопарктерінде газбен жүретін 850 қоғамдық көлік бар.

Соңғы жаңалықтар