Валентина Сдержикова шаңғымен тұғырдан секіруден fis кубогында жеңіске жетті

None
None
ШУЧИНСК. ҚазАқпарат - Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогының бірінші жарыс күні аяқталды. К-95 тұғырынан секіруден қазақстандық Валентина Сдержникова топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 182.8 нәтижесімен бірінші орын иеленді. Екінші орынды Кристинка Прокопьева (168.4), үшінші орынды ресейлік Александра Баранцева (163.4) еншіледі.

Еске сала кетейік, 11-14 шілде аралығында Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтуде. Жарысқа 11 елден спортшылар қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар