Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚР Президенті ретіндегі қызметіне табыс тіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Валентина Матвиенкоға ризашылық айтып, Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланыстары екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар