Валентина Матвиенко І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

***

В.И.Матвиенконы І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 шілде

№ 59

Соңғы жаңалықтар