Вакцинаның бірінші және екінші дозасының арасында COVID-19 жұғуы мүмкін бе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасында коронавирусқа шалдығу қаупі бар ма? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, әрине, ондай қауіп бар. Біз толық иммунитет вакцинаның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін 45-ші күні пайда болады деп айттық. Ал 5% халықта иммундық жауап болмауы да мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда вакцина халықты 95% қорғай алады», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына.

Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңде егу керек.

Бірінші доза антидененің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді.

Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антидене саны артады.


Соңғы жаңалықтар