Вакцинаның бірінші компонентін салдырған созылмалы ауруы бар адамдар саны 32 314-ке жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакцина алған адамдардың 0,4 пайызында болуы мүмкін реакциялар тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинаның бірінші компонентін салдырған созылмалы ауруы бар адамдар саны 32 314-ке жетті. Вакциналаудың толық курсын (екінші компонентін) алған осы санаттағы созылмалы ауруы бар адамдардың саны 8 397-ні құрады», - деді М. Смағұл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 60 жастан асқан адамдардың арасында иммундау курсын 121 мыңнан астам адам бастады және оның толық компонентін 8 мыңы аяқтады.

«Қазіргі кезде иммундаудан кейін күрделі қолайсыз белгілер тіркелмеді. Сонымен бірге, вакцина алған адамдардың 0,4 пайызында болуы мүмкін реакциялар тіркелді, яғни температура, екпе жасаған жердің қызаруы мен ауырсынуы секілді жалпы белгілер байқалды», - деді Манар Смағұл.

Айта кетейік, Қазақстанда 823 мыңнан астам адамға коронавирус вакцинасы егілді.



Соңғы жаңалықтар