+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Вакцинаның 1 және 2 дозасы аралығын ұзартқан жөн бе: Дәрігерлер пікірі екіге жарылды

2021 жылғы 5 мамыр 15:21
Бөлісіңіз:
Вакцинаның 1 және 2 дозасы аралығын ұзартқан жөн бе: Дәрігерлер пікірі екіге жарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Кәукенова коронfвирусқа қарсы вакцинаның 1 және 2 компонентін егу аралығын ұзартуға қарсы екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды Солтүстік Қазақстанда 57 мың адам коронавирус вакцинасын салдырды Нұр-Сұлтанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакциналанды

«Біз ұстанымызды білдірдік және бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына қарсымыз. Қарсы болуымыздың себебі, ең алдымен 45 күн деген мін еш жерде, ешбір мәлімдемеде жоқ. Гамалея атындағы орталық директоры Гинцбургтің хатында аралықтың 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайтылуы мүмкін екені көрсетілген. Яғни, адамдардың таңдауы бар. Егер олар үлгермесе, бір жаққа кетіп қалса, онда вакцинацияны кейінге қалдыра алады. Бірінші компонент егілгеннен кейін екінші компонентті 45 күнде егу туралы шешім адамдарды ұзақ уақыт бойы қорғаныссыз қалдырады», - деді ол Experts Hub Kazakhstan жобасы сарапшыларының дөңгелек үстелі барысында.

Оның атап өтуінше, бірінші дозаны алғаннан кейін 2 апта өткен соң адам ағзасында иммунитеттің жеткілікті қорғанысы пайда болады.

«Бірінші мен екінші дозаның арасында 45 күн күтуге тура келеді. Бұған қоса, жеткілікті қорғаныс алу үшін тағы екі аптаны қосыңыз. Бірінші дозадан кейін ауырып қалғандардың санын ескеретін болсақ, мұның барлығы адамдардың вакцинация бағдарламасына деген сенімін жоғалтады», - деді Ботагөз Кәукенова.

Сондықтан ол адамдарға бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ші күнде немесе кейінірек алу мүмкіндігін беру қажеттігін айтады.

Ал медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева мұндай пікірмен келіспей, екі доза аралығын 90 күнге созудың еш қаупі жоқ екендігіне назар аудартады.

«Антидене деңгейі уақыт өте арта түседі. 21 күннен кейін 1 деңгей, бір айдан соң басқа деңгей болады. Аралықты 90 күнге дейін созудың еш қорқынышы жоқ. Сіз қорғаныста боласыз, өйткені бірінші вакцинаны алдыңыз. Сізде бірінші дозадан кейін қалыптасқан антидененің жеткілікті деңгейі болады. Содан кейін 90 күннің ішінде екінші дозаны аласыз», - деді Ләззат Ералиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT