Вакциналау жұмыстарынан науқаншылдық жасамау керек – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакциналау процесінен науқаншылдық жасамауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен күрестегі түбегейлі басқа тәсілдер медициналық аспектілерге ғана емес, бизнесті шектеу шараларына да қатысты. Алда мониторингтік топтар жұмысын қайта форматтау мен Ashyq жүйесі сияқты цифрлық шешімдерді белсендірек пайдалану жұмыстары тұр. Шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакциналау мерзімдері нақты әрі науқаншылдықтан ада болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Президент Ashyq жүйесін пайдаланатын шағын және орта бизнес субъектілеріне басымдық беруді еске салды.

«Ведомствоаралық комиссиядан осы мәселені тағы да мұқият зерделеуді сұраймын. Ashyq жүйесін пайдаланатын шағын және орта бизнес субъектілерінің карантиндік шектеулер жағдайында жұмыс істеуге басым құқығы болуы керек. Бұл ретте қосымшаның нақты қолданылуын қатаң бақылау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент антиваксерлердің қауесет, даңғаза әңгімелеріне сенудің қажеті жоқ деген еді.


Соңғы жаңалықтар