Вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады. Күн сайын тіркелетін короновируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындар 23 пайызға, реанимациялық орындар 20 пайызға толық», - деп атап өтті Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында.

Оның дерегінше, «сары» аймақта – 6 өңір, «жасыл» аймақта 11 өңір бар.

«Қазіргі уақытта 8,8 миллионнан астам адам 1-компонентті (коронавирус вакцинасы - ред.) салдырды. Бұл 18 жастан асқан адамдардың 78 пайызына жуық. 8,3 миллионнан астам адам 2-компонент салдырды. Бұл шамамен – 73 пайыз. Бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастырып, вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет», - деген Асқар Мамин жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.


Соңғы жаңалықтар