Вакциналау ұйымдастырмаған жұмыс берушілерді қандай жаза күтіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызметкерлері арасында вакциналауды ұйымдастырмаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысшылар арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны ұйымдастырмағаны үшін жұмыс берушілер Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік арқалайды», - деді қалалық бас санитар дәрігердің орынбасары.

Сондай-ақ, ол елордалықтар арасында әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаспағанын еске салды.

«Кейінгі бір айда вакцина алғысы келетіндердің саны артқанымен, ұжымдық иммунитет қалыптасатындай ауқымға жеткен жоқпыз. Аурудың таралуын әрі қарай болдырмау үшін 15 шілдеде Бас санитар дәрігер қаулы шығарғанын білесіздер. Осы құжат бойынша 10 тамызға дейін коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін, 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алмаған жұмысшылардың офлайн режимде жұмыс істеуі шектеледі. Тек медициналық қарсы тұрақты көрсетілімдері бар және 3 ай көлемінде ауырып шыққан адамдарға бұл шектеудің қатысы жоқ»», - деді Жанна Пралиева.


Соңғы жаңалықтар