Вакциналау карантинді жеңілдетуге көмектесетін жалғыз ұтымды әдіс - иммунолог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова қала тұрғындарын екпе алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медицина ғылымдары кандидатының айтуынша, вакциналау – бұл өзіңіз бен жақындарыңызды COVID-19-дан қорғаудың ең сенімді әдісі. Жаппай вакциналаудың нақты үлгісі Израильде болды, онда халықтың 80%-ы екпе салдырған және қазір көшелерде маскасыз жүруге болады.

Эльмира Битанова Алматыда өткен жылы жаз кезінде коронавирустың таралған қарқынын ескере отырып, осы көктемде әрбір кәмелет жасына толған тұрғынға Израильдегідей вакцинация туралы ойлау қажет екенін атап өтті. Бұл ел тұрғындарды иммундық қорғаныспен қамтамасыз ете отырып, жаппай вакцинация бойынша әлемде көш бастап тұр.

«Израильде, бірінші кезекте, тәуекел тобындағы елдің 55-60 жастан асқан тұрғындарына, сонымен қатар, аурудың барысын қиындатуы мүмкін деген сырқаттары бар адамдардың бәріне екпе салдыра бастаған», - дейді Эльмира Битанова.

Иммунолог пандемияны тек вакцинация көмегімен және карантин шараларын сақтау арқылы ғана жеңуге болатынын айтып, толықтырды.

«Біреуінің екіншісіне көмегі болады. Вакцинация карантин шараларын жеңілдетуге көмектесетін жалғыз ұтымды әдіс. Әрине, ол популяциялық иммунитеттің қамтылуы мен деңгейіне байланысты болады», - деп жалғастырды спикер.

Айта кетейік, Алматыда 2021 жылдың басынан бері КВИ жұқтырудың 46 251 жағдайы, өткен тәулікте – 665 адамнан вирус анықталды. Тәуліктік өсім 1,4-ті құрайды. Алматының COVID-19-ды емдейтін стациноарларындағы төсек-орындардың 62,2%-ы, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың 54,4%-ы бос емес. Барлығы 4014 адам стационарлық ем алуда. Алматы қаласының әкімдігі медициналық жағынан ешқандай кері белгілері жоқ барлық қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы екпе салдыруға шақырады.

Вакцина алу тегін.


Соңғы жаңалықтар