Вакцинадан соң 6 айдан кейін ағзадағы антидене деңгейі төмендейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Вакцинадан соң алты айдан кейін ағзадағы антидене деңгейі төмендейді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, ағзадағы антидене деңгейі төмендесе, адам короновирус инфекциясын жұқтырып алуы әбден мүмкін.

«Бақылау көрсеткендей, алты айдан кейін вакцинацияланған антиденелердің деңгейі төмендейді, яғни аурудың ықтималдығы артады. Сондықтан ревакцинацияның мәні зор. Айта кету керек, барлық вакцинация өмір бойына қорғамайды. Мысалы, сіреспе ауруына қарсы вакцина әр он жыл сайын салынады. Гипатит В –ға бес жылда бір рет егіледі. Тұмауға қарсы екпені жылда алу керек. Осыны- ревакцинация дейміз»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол ревакцинация қалай жүргізілетінін айтты.

«КВИ-ге қарсы ревакцинациялау мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі: векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін - 9 айдан кейін; белсенділігі жойылған вакциналарды және м-РНҚ-вакциналарды енгізгеннен кейін - 6 айдан кейін. Коронавирусқа қарсы ревакцинациялауды КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған вакцинамен жүргізуге жол беріледі»,- деп нақтылады спикер.


Соңғы жаңалықтар