Вакцинадан көз жұмды делінген 2 адамға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр – басқарма

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифингте «вакцинадан көз жұмған» делінген екі адам туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ол адамдардың нақты неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Сондықтан адамлардың өліміне вакцина әсер етті деп айту әлі ерте.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар вакцинадан көз жұмды деп айтуға әлі ерте. Қорытынды осы жылдың маусым айында дайын болуы керек. Сол кезде себебін, айтатын боламыз»,-деді ол.

Еске салайық, сәуір айында №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Кейін 42 жастағы алматылық Бақытжан Нұртазиннің өлімі жайлы ақпарат тарады. Ол 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, ол жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қазір нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.



Соңғы жаңалықтар